Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Психотроптық заттарды сақтаған 19 жастағы алматылық жігіт он жылға сотталды

Жарияланған күні:

Түрме
Түрме. Көрнекі фото: Darrin Klimek/Getty Images

Алматы соты психотроптық заттарды сату мақсатында сатып алған және сақтаған қала тұрғынын 10 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы қалалық соттарға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы сотында П. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды, ол психотроптық заттарды өткізу мақсатында сатып алғаны және сақтағаны үшін кінәлі деп танылды (ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1,3-тармақтары).

Облыстық соттың Telegram-дағы арнасында хабарланған мәліметі бойынша, өткен жылдың қазан айында тұрақты табыс көзі жоқ сотталған азамат алдын ала сөз байласу арқылы психотроптық заттарды сатудан пайда табу мақсатында Telegram арнасы арқылы психотроптық заттарды заңсыз сатып алған.

Сотталушы оларды көлігінде сақтаған. Алайда сол күні полицейлер оны тоқтатып, көлікті тінту нәтижесінде психотропты заттардың 25 данасы тәркіленді.

Ол өз кінәсін мойындамады. Сотталушының 19 жаста болуы жазаны жеңілдететін мән-жай деп танылды. Жігіт 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148483-psihotroptyq-zattardy-saqtagan-19-zhastagy-almatylyq-zhigit-on-zhylga-sottaldy/