Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кондитерлік өнім сатып аларда не нәрсеге мән беру қажет

Жарияланған күні:

Мармеладтар
Мармеладтар. Көрнекі фото: pixabay.com

Таразда "Маңғыстау облысының тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жоба аясында Yammiez mallow burger атты кондитерлік өнімі сатылып алынды.

"Сырттай қарағанда тартымды, ойыншық секілді, ал ішкі жағы мармеладпен толтырылған бургер сияқты көрінетін бұл өнім тұтынушылардан нені жасырып тұрғаны туралы айтып беремін", - деп бастады сөзін тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан.

Сатып алынған өнім Жамбыл облысы бойынша "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ филиалының аккредиттелген зертханасына Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық қауіпсіздік талаптарына, атап айтқанда, Кеден одағының "Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 және "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011 техникалық регламенттеріне сәйкестігіне кешенді зерттеу жүргізу үшін тапсырылды.

"Микробиологиялық, химиялық және органолептикалық зерттеу хаттамаларының нәтижелері өнімнің барлық нормаларға сәйкес екенін көрсетті, бірақ үнсіз қалуға болмайтын мәселе бар", – деп жалғастырды сарапшы. – "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011 техникалық регламенті өнім қауіпсіздігінің негізгі құқықтық актісі болып табылады.

Өнімнің қаптамасында келесідегідей:

  1. тағам өнімінің құрамы туралы;
  2. тағам өнімінің саны туралы;
  3. тағам өнімінің өндірілген күні туралы;
  4. жарамдылық мерзімі туралы;
  5. тағам өнімін сақтау шарттары туралы;
  6. өндірушінің атауы мен мекенжайы туралы;
  7. өнімді қолдану бойынша ұсыныстар немесе шектеулер туралы;
  8. тағам өнімінің тағамдық құндылығына қатысты көрсеткіштер туралы;
  9. өнімде генетикалық модификацияланған организмдердің бар-жоғы туралы;
  10. ЕАС бірыңғай айналым белгісі туралы;
  11. өнім партиясын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпарат туралы мәліметтер мемлекеттік және орыс тілдерінде жоқ екендігі анықталды.
Мармеладтар
Мармеладтар. Фото: Биятан Жанна

Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 25-бабы 7-тармағына сәйкес, бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – берілмеген деп есептеледі.

Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятанның пікірінше: "Егер таңбалау шет тілінде немесе мемлекеттік және орыс тілдеріне аудармасыз жасалса, бұл тұтынушыларды шатастырып, олардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Мұндай тәсіл оларды: өнімнің құрамы, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары және басқа да өнім туралы толық әрі маңызды ақпараттарды алу мүмкіндігінен айырады. Мысалы, егер қаптамада ингредиенттер тұтынушыға түсінікті тілде көрсетілмесе, адам аллергия тудыруы мүмкін аллергендер, бояғыштар немесе басқа да қоспалардың бар-жоғын біле алмайды. Бұл әсіресе, балаларын қауіпті заттардан қорғағысы келетін ата-аналар үшін маңызды".

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шараларды қабылдау үшін зерттеу материалдары мен олардың нәтижелері құзыретті органдарға жіберілді.

"Дұрыс таңбалаудың азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етудегі рөлі зор екенін есте сақтау маңызды. Жауапты өндірушілер мен сатушылар өз өнімдеріндегі ақпараттың толық әрі түсінікті болуын қамтамасыз етуге тырысуы керек, ал тұтынушылар өз құқықтарын қадағалап, сақ болулары тиіс", - деп қосты құқыққорғаушы сарапшы Жанна Үрметханқызы.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/.

Бұл материал әлеуметтік жобаны орындаушы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі тарапынан дайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148511-konditerlik-onim-satyp-alarda-ne-narsege-man-beru-qazhet/