Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда таңбасы техникалық регламенттерге сай емес сиыр еті қосылған күріш ботқасы анықталды

Жарияланған күні:

Күріш
Көрнекі фото: pixabay.com

ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексіне сәйкес, нормативті-құқықтық актілердің талаптарына сай келмейтін таңба – өнімнің қауіпті екенін білдіреді. "Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі тексеріс жүргізіп, Атырауда таңбасы техникалық регламенттерге сай емес сиыр еті қосылған күріш ботқасы анықтады.

ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның 25-бабы 7-тармағының негізінде бір тілде не шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат берілмеген болып есептеледі.

Тұтынушы қауіпсіз және сапалы тауарды алуға, сондай-ақ тауарлар, сатушы, дайындаушыларға қатысты нақты ақпаратты алуға да құқығы бар.

"Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің өкілі әлеуметтік жобаны жүзеге асыру шеңберінде осы жылдың 3 шілдесінде жасырын сатып алушы әдісімен Атырау қаласы дүкендерінің бірінен Ресейде өндірілген, салмағы 650 г. болатын сиыр еті қосылған күріш ботқасын сатып алды.

Алынған өнім ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Атырау қаласы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген сынақ зертханасына техникалық регламенттерге сай қауіпсіздіктің барлық талаптарына, соның ішінде Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011, "Ет және ет өнімінің қауіпсіздігі туралы" №034/2013 және "Қаптама қауіпсіздігі туралы" 005/2011 техникалық регламенттеріне сәйкестігіне кешенді сараптама өткізу үшін тапсырылды.

  • пайдалану жөніндегі кеңес берулер мен шектеулер көрсетілмеген;
  • өңдеу әдісі көрсетілмеген (көпайналымды қаптама үшін);
  • қапталған тағам өнімінің таңбаламасындағы жазбалар Кеден одағына мүше мемлекеттер заңнамасы талаптарына сәйкестіктер болғанда Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілі мен орыс тілінде жазылуы керек.

Бұл жағдайда таңбалама қазақ тілінде көрсетілмеген.

Осылайша, бұл өнімде техникалық регламенттерге сәйкессіздік белгілері бар деп санаймыз.

Соған байланысты тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында материалдар шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жолданды.

Сиыр еті қосылған күріш ботқасы
Фото: Биятан Жанна

Кәсіпкерлер үшін!

"Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы" кодекстің 425-бабына сай, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы Қазақстан Республикасы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді, адамның денсаулығына зиян келтіруге әкелген техникалық регламенттерді бұзу айыппұлдарға әкеледі:

  • жеке тұлғаларға – 30 АЕК мөлшерінде;
  • лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 230 АЕК мөлшерінде;
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 310 АЕК мөлшерінде;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1600 АЕК мөлшерінде.

Айыппұлдардың қомақты мөлшерін ескере келе, кәсіпкерлерді тиісті құжаттарынсыз, күмәнді және оқылмайтын таңбаламасы бар өнімді сатып алудан сақтандырғымыз келеді.

"Кәсіпкерлердің түрлі тауарлармен өз сауда алаңын әрлендіріп әрі түрлендіргісі келетін қалауын жақсы түсінеміз.

Дегенмен әрі қарай қауіпті, сапасыз болуы мүмкін күмәнді, тиісті құжаттармен расталмаған тауарларды сатуға ала отырып, өз бизнесінің әл-ауқатын тәуекелге қоюдың қажеті жоқ", – деп кеңес береді құқыққорғаушы Жанна Биятан.

Сатуға арналған тауарды алу кезінде импорттаушы/дистрибъюторлардан олардың мөрімен түпнұсқасы куәландырылған сәйкестік туралы декларация талап етілуі керек.

Бұл норма Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылдың 12 қарашасындағы №130 шешімінде көрсетілген 10-бапта келесідегідей айтылады:

Әкелінетін (әкелінген) өнімге қатысты техникалық реттеу шараларының сақталуын растау үшін бірыңғай нысан бойынша рәсімделген сәйкестік туралы декларацияны қолдануға, егер:

  • Осы өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау кезінде өтініш беруші ретінде мұндай құжаттарда көрсетілген тұлғаға;
  • Сәйкестікті бағалау кезіндегі өтініш беруші уәкілетті немесе техникалық реттеу шараларының сақталуын растау үшін осындай құжаттарды пайдалануға дайындаушы тұлғаға – топтамалық шығарылатын өнім түрі үшін – жол беріледі.

"Мұндай құжаттарды пайдалану құқығы сәйкестікті немесе дайындаушыны бағалау кезінде өтініш берушінің мөрімен куәландырылған олардың көшірмелерін аталған тұлғаға беру арқылы осындай құжаттарды қолдану құқығы расталады", – деді заңгер Жанна Үрметханқызы.

Көріп тұрғанымыздай, өнімді сатушы әрбір кәсіпкерде міндетті тәртіпте өтініш беруші ретінде сәйкестік туралы декларациясы болуы керек. Ал егер декларация беруші болып табылмаса, онда декларация берушінің немесе дайындаушының өзінің мөрімен куәландырылған декларацияның көшірмелері болуы керек.

Бұл жағдайда декларация беруші кез келген кәсіпкер немесе дайындаушының өзі бола алады.

Бұдан басқа, тұтынушылар мен кәсіпкерлер өз бетімен келесі сілтеме бойынша декларациялардың бар-жоғын "Сәйкестік сертификаттарын және сәйкестік туралы тіркелген декларациялардың бірыңғай тізбесінен" тексере алады: https://tech.eaeunion.org/registers/35-1/ru/registryList/conformityDocs.

Сондай-ақ сәйкестікті бағалау жөніндегі құжаттар тізбелерінің қазақстандық сайты бар: онда https://eokno.gov.kz/public-register/register-ktrm.xhtmlг тауарлар мен құжаттардың нақтылығын тексеруге болады, – деп Қазақстан кәсіпкерлеріне кеңес береді заңгер Жанна Биятан.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі: 87054222739 немесе Instagram OZPP.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148690-atyrauda-tangbasy-tehnikalyq-reglamentterge-sai-emes-siyr-eti-qosylgan-kurish-botqasy-anyqtaldy/