Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдің батыс өңірлеріндегі студенттерді тасымалдауға қосымша вагондар іске қосылады

Жарияланған күні:

пойыз жолы
Пойыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Оқу жылы қарсаңында студенттерді тасымалдауға арналған қосымша вагондар іске қосылады. Бұл туралы Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Батыс Қазақстанда жаңа оқу жылы қарсаңында студенттерді тасымалдауға арналған қосымша вагондар іске қосылады.
  • Ақтау-Алматы бағытында 360 жолаушыға арналған 8 вагон, ал Атырау-Алматы бағытында 540 жолаушыға арналған 3 вагон қосылады.
  • Теміржол және су көлігі комитеті Төрағасының орынбасары Нұржан Келбұғановтың айтуынша, студенттер теміржол билеттерін сатып ала алады және қажет болса қосымша вагондар қосылуы мүмкін.

Бұл жұмыс жолаушылар тасымалы акционерлік қоғамымен бірлесе жүргізіледі. Жаңа оқу жылы қарсаңында Батыс өңірлері тұрғындарының сұранысына сәйкес, қосымша маршруттарды іске қосу туралы шешім қабылданды.

"Пойыздар Ақтау және Атырау қалаларынан шығып, Алматы қаласына дейін студенттерді тасымалдайды. Кондиционерлері қарастырылған жаңа вагондар жазғы уақытта туристік бағыттарда қатынайды. Сол себепті жоғарыда аталған вагондарда кондиционер жүйесі болмайды.

Теміржол және су комитеті жас жолаушылардан қолайсыздықтар үшін алдын ала кешірім сұрайды.

Маршруттарға нақты тоқталсақ, Ақтау-Алматы бағытында қосымша 360 жолаушыға арналған 8 жолаушы вагоны қатынайды. Бұл бағыттағы вагон 23 тамызда Алматыға жетеді. Атырау-Алматы бағытына теміржолшылар қосымша 3 вагон қосады. Бұл 540 жолаушыға арналған. Атырау-Алматы бағытындағы пойыздар 16-18-20-22 тамызда қатынайды", - деп хабарлады Теміржол және су көлігі комитеті Төрағасының орынбасары Нұржан Келбұғанов.

Сондай-ақ, минитсрлік өкілі студенттердің Атырау және Ақтау қалаларының вокзалдарына теміржол билеттерін сатып ала алатынын және олардың өтініштеріне сәйкес, Көлік министрлігі қосымша вагондар қоюға дайын екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, биыл жаңа вагондар паркі 140 бірлікке жаңартылады, келесі жылы тағы 226 жаңа вагон келеді. Вагондар паркін жаңарту жұмыстары жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148822-elding-batys-ongirlerindegi-studentterdi-tasymaldauga-arnalgan-qosymsha-vagondar-iske-qosylady/