jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысында бір цех тәулігіне 1200 жиһаз жасайды (видео)

цех қызметкері
Күніне 1200 жиһаз әзірлейтін цех қызметкері. Видеодан скриншот: facebook.com/Turkistantvkaz

100-ге жуық адам еңбек етіп жатқан бұл цехте күн сайын мыңдаған жиһаз шығарып үлгереді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Turkistantv.kz арнасына сілтеме жасап.

Түркістан облысында тәулігіне 1200-ге жуық ірілі-ұсақты жиһаз жасайтын кәсіпорын бар. Олар мектеп, балабақша, жалпы түрлі кеңселер мен мекемелерге таралады.

Биылдан бастап тұрақты жұмыс режиміне көшкен кәсіпорынның жобалық құны 3 млрд 100 миллион теңге. Оның 2 млрд 500 млн теңгесі – кәсіпкердің өз қаражаты. Бүгінде мұнда 100-ге жуық адам еңбек етіп жатыр. Олар тәулігіне 3 тоннаға жуық металды кәдеге жаратады.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында жиһаздарға сұраныс артқан. Сарапшылар оның себебін өңірде көптеп салынып жатқан мектептермен байланыстырады. Мәселен, өткен жылы облыста 29 жайлы мектептің құрылысы басталған. Биыл тағы 34 білім ошағы бой көтермек. Солардың барлығынан жиһазға тапсырыс түседі деген сенімде.

Түркістан облысында бір цех тәулігіне 1200 жиһаз жасайды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.