5 кг есірткі мен жалған ақша сатпақ болған екі Шымкент тұрғыны ұсталды
Жарияланған күні:
Шымкентте Қаржы мониторингі агенттігі жалған банкноттар мен есірткі сатпақ болған екі адамға қатысты тексеру жүргізді, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ҚМА-ның Telegram-дағы арнасында жазылғандай, Шымкенттің екі тұрғыны жалған купюралар мен есірткі заттарын сатуға тырысқан.
Осы факті бойынша тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізді.
Тергеу барысында ҚМА қызметкерлері бақылауымен қара-жасыл түсті өсімдік тектес затты сатып алу жүргізілді. Кейінірек сарапшылар зерттеу объектісінің жалпы салмағы 5 кг болатын "гашиш" есірткі заты екенін растады.
Сонымен қатар, аталған азамат жалған 10 000 АҚШ долларын (100 дана номиналымен 100 АҚШ долларын құрайтын банкноттар) сату барысында ұсталды.
Сондай-ақ жедел іздестіру шараларын өткізу барысында оның сыбайласы анықталды, одан 13 100 жалған АҚШ доллары табылып, тәркіленді.
Ал оның тұрғылықты жерін тінту барысында салмағы шамамен 1 кг гашиш табылып, тәркіленді.
Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылды, оларға 11 жылға және 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148861-5-kg-esirtki-men-zhalgan-aqsha-satpaq-bolgan-eki-shymkent-turgyny-ustaldy/