jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Алматы әуежайында Air Astana ұшағы зақымдалды: рейсті тоқтатуға тура келді

ұшақ эйр астана11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

13 тамызда Алматы-Бейжің рейсіне дайындық кезінде әуе кемесінің есігі тамақтандыру құрылғысынан зақымдалып, рейс тоқтатылды. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Air Astana компаниясының ресми Telegram-дағы арнасында хабарлан мәліметке сүйенсек, жағдайға байланысты 13 тамыздағы KC 267 Алматы-Бейжің рейсі тоқтатылды.

Бүгінгі KC 267 рейсіне жолаушылар қабылданды, деп нақтылады әуе компаниясының баспасөз қызметі.

"Әуекомпания рейстің кешігуіне қатысты өкінішін білдірді және бұл әуе компаниясының кінәсі емес екенін атап өтеді. Air Astana Алматы халықаралық әуежайын материалдық шығын келтірумен қатар, ұшу кестесін бұзатын оқиғалардың алдын алуға шақырды", - деп жазады басылым.

NUR.KZ тілшісі жағдайға байланысты Алматы әуежайына сауал жолдады.

Еске сала кетейік, Астана әуежайының операторы FlyArystan компаниясына тиесілі ұшақтардың біріне зақым келтірген еді.

Air Astana компаниялар тобы 5 тамызда Астана әуежайының операторы FlyArystan ұшақтарының біріне зақым келтіргенін, соның салдарынан ұшақтың бірнеше күн бойы мәжбүрлі тұраққа қойылғанын хабарлады.

Алматы әуежайында Air Astana ұшағы зақымдалды: рейсті тоқтатуға тура келді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.