jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Сейсмологтар 16 тамызда әлем бойынша қатты жер сілкінеді деген ақпаратқа пікір білдірді

Сейсмолог
Сейсмолог. Фото: seismology.kz

Әлеуметтік желіде 16 тамызда сағат 4:00-де Жер бетінде ірі жер сілкінісі болатыны туралы ақпарат шықты. Бұл туралы ресейлік саясаткер Жириновскийдің мұрағаттарынан табылған карталарда жазылған екен делінген. Алайда бұл ақпарат жалған, деп хабарлайды StopFake.kz.

Фактчекерлердің мәліметінше, Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмология институты бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген.

"Халықаралық сейсмологиялық орталықтардың ресми мәліметтері бойынша, 16 тамызда магнитудасы 5,5 балдан асатын қатты жер сілкінісі күтілмейді.

Елімізде шекара маңындағы аумақтарда болған барлық төтенше оқиғалар, сондай-ақ біздің аспаптарымыз тіркеген транзиттік жер сілкіністері "112 KZ" Telegram-арнасында және www.seismology.kz сайтында жедел түрде жарияланады.

Тек ресми ақпаратқа ғана сеніңіздер", – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмология институтының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сейсмологтар 16 тамызда әлем бойынша қатты жер сілкінеді деген ақпаратқа пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.