Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтардың шағымынан кейін Air Astana мен FlyArystan компаниялары тексеріледі

Жарияланған күні:

Ұшақ әуеде ұшып барады
Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Азаматтық авиация комитеті Air Astana АҚ және FlyArystan АҚ әуекомпанияларының рейстері кешігуіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы комитет Telegram-дағы арнасында хабарлады.

"Air Astana АҚ мен FlyArystan АҚ-ның техникалық себептер бойынша рейстерді кешіктіру жағдайларының көбеюіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты көптеген шағымдарға байланысты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшулардың тоқтатылуы, кешігуі және тиісті қызметтерді көрсетпеу себептерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация туралы заңнамасының талаптарын бұзуға байланысты басқа да жағдайларды анықтау үшін комиссия құрды", - делінген хабарда.

Сонымен қатар "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бас директорының бұйрығымен Air Astana АҚ мен FlyArystan АҚ-на жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

Комиссия жұмысының және жоспардан тыс тексерудің нәтижелері қосымша хабарланады.

Еске салсақ, 13 тамызда Алматы-Бейжің рейсіне дайындық кезінде әуе кемесінің есігі тамақтандыру құрылғысынан зақымдалып, рейс тоқтатылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149005-qazaqstandyqtardyng-shagymynan-keiin-air-astana-men-flyarystan-auekompaniialary-tekseriledi/