Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін мармелад сатылған

Жарияланған күні:

Мармелад
Мармеладтар. Көрнекі фото: pixabay.com

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің өкілі жасырын сатып алушы әдісімен осы жылдың шілде айында "Ақпараттық қызметтер көрсету арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халыққа ақпараттық-ағартушылық жұмыс" атты әлеуметтік жобаны іске асыру мақсатында Атырау қаласындағы сауда нүктелерінің бірінен "Тянука" атауы бар қышқыл мармеладын (алма) сатып алды (өндіруші "Славконд" ЖШҚ, Ресей, салмағы 200 грамм).

Тұтынушы қауіпсіз әрі сапалы тауар сатып алуға, сондай-ақ өзге құқықтарды жүзеге асыруға, оның ішінде тауар, сатушылар, әзірлеушілер туралы тыңғылықты ақпараттар алуға құқылы.

ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес, таңбалануы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер қауіпті деп саналады.

"Бұл ретте ақпарат мемлекеттік тілде де, орыс тілінде де берілуге тиіс. Бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат берілмеген болып есептеледі.

Сатып алынған өнім техникалық регламенттерге сәйкес барлық қауіпсіздік талаптарына, оның ішінде "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011, "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011 және "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" 005/2011 техникалық регламенттеріне сәйкестігін анықтау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зерттеу зертханасына жолданды.

Ұлттық сараптама орталығының 2024 жылдың 4 шілдесіндегі № 277 Сынақ хаттамасының мәліметтеріне сәйкес, қаптамадағы тамақ өнімдерінің таңбалануы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің (бұрынғы кеден одағының) орыс және мемлекеттік тілдерінде жазылуы тиіс екендігі анықталды.

Осы жағдайда, зерттеу нәтижелері көрсеткендей, пайдалану бойынша ұсыныстар мен шектеулер, сондай-ақ, таңбалама қазақ тілінде жазылмаған.

Осылайша, бұл өнімде техникалық регламенттерге сәйкессіздік белгілері бар деп санаймыз.

Осыған орай, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында материалдар шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жіберілді.

Кәсіпкерлердің назарына!

Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының, «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 425-бабына сәйкес, сондай-ақ, адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаған гигиеналық нормативтердің, техникалық регламенттердің талаптарын бұзу:

  • Жеке тұлғалар үшін – 30 АЕК мөлшерінде;
  • Лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 230 АЕК мөлшерінде;
  • Орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 310 АЕК мөлшерінде;
  • Ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қазақстанда 2024 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш 3692 теңге.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік бар.

"Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заңында арнайы мәліметтері, таңбалары, шетелдік өндірілген тауарларға арналған нұсқаулықтары бар тауар жапсырмалары (затбелгілері) импорттаушы ұйымдардың қаражаты есебінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аударумен қамтамасыз етілетіні тікелей көрсетілген. Деректемелер мен көрнекі ақпараттың барлық мәтіндері мынадай тәртіппен орналастырылады: сол жақта немесе жоғарыдан – мемлекеттік тілде, оң жақта немесе төменнен – орыс тілінде, көлемі жағынан бірдей әріптермен жазылады. Қажет болған жағдайда деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтіндері қосымша және басқа тілдерде келтірілуі мүмкін. Бұл ретте қаріп өлшемдері нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардан аспауға тиіс. Ауызша ақпарат, хабарландырулар, жарнама мемлекеттік, орыс және қажет болған жағдайда басқа тілдерде беріледі.

Айыппұлдардың мөлшері өте жоғары, сондықтан кәсіпкерлерді өздерінің сауда алаңында тәртіпті сақтауға шақырамын.

Сату алдындағы дайындықты жүргізіңіз, таңбалауға, атап айтқанда, жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз.

Егер оларда сәйкессіздіктер болса, дистрибьюторлық тауарлардан бас тарту – азық-түлік өнімдерін таңбалауға қойылатын талаптар көрсетілген техникалық регламенттің 4-бабын сақтауды көрсетеді", – деді құқыққорғаушы Жанна Биятан Атырау кәсіпкерлеріне қаратып.

Мармелад
Мармеладтар. Фото: Биятан Жанна

"Сауда алаңын әртүрлі тауарлармен безендіріп, әртараптандырғысы келетін кәсіпкерлердің қалауы түсінікті.

Алайда әрі қарай сату үшін қауіпті және сапалы болмауы мүмкін күмәнді, тиісті құжаттармен расталмаған тауарларды сатып алу арқылы өз бизнесіңіздің әл-ауқатына қауіп төндірмеңіз", – деп кеңес береді қоғамдық бірлестік сарапшысы Жанна Биятан.

Бұл норма Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылдың 12 қарашасындағы № 130 шешімінде көрсетілген жарияланымында былай делінген:

Әкелінетін (әкелінген) өнімге қатысты техникалық реттеу шараларының сақталуын растау үшін бірыңғай нысан бойынша ресімделген сәйкестік туралы декларацияны пайдалануға, егер мұндай өнімнің декларанты болып табылатын:

  • осы өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау кезінде өтініш беруші ретінде осындай құжаттарда көрсетілген тұлғаға;
  • Техникалық реттеу шараларының сақталуын растау үшін сәйкестікті бағалау кезінде өтініш беруші немесе дайындаушы осындай құжаттарды пайдалануға уәкілеттік берген тұлғаға – (сериялық өндіріс өнімі үшін) жол беріледі.

"Мұндай құжаттарды пайдалану құқығы көрсетілген адамға сәйкестікті немесе дайындаушыны бағалау кезінде өтініш берушінің мөрімен расталған, олардың көшірмелерін беру арқылы расталады", – дейді заңгер Жанна Үрметханқызы.

Көріп отырғанымыздай, өнімді сататын әрбір кәсіпкердің өтініш беруші ретінде сәйкестік туралы декларациясы міндетті түрде болуы керек.

Ал егер ол декларацияның өтініш берушісі болып табылмаса, онда өтініш берушінің немесе дайындаушының мөрімен расталған декларацияның көшірмелері болуы тиіс.

Бұл жағдайда декларацияның өтініш берушісі кез келген кәсіпкер немесе өндірушінің өзі бола алады.

Сәйкестік туралы декларация қандай болуы керек:

ЕАС
ЕАС. Фото: Adilet.zan.kz

"Бұдан басқа, тұтынушылар мен кәсіпкерлер берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай тізілімінде декларацияның бар-жоғын мына сілтеме бойынша өз бетінше тексере алады: https://tech.eaeunion.org/registers/35-1/ru/registryList/conformityDocs.

Сондай-ақ сәйкестікті бағалау бойынша құжаттар тізілімдерінің қазақстандық сайтынан да https://eokno.gov.kz/public-register/register-ktrm.xhtmlг тауарлар мен құжаттардың дұрыстығын тексеруге болады", – деп кәсіпкерлерге кеңес береді заңгер Биятан Жанна Үрметханқызы.

Осы және тағы басқалар туралы әлеуметтік жоба қорытындысы бойынша өтетін брифингте айтып береміз.

Брифингті өткізу туралы ақпарат Instagram әлеуметтік желісінде жарияланады: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі: 87054222739

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149035-atyrauda-tehnikalyq-reglamentterge-saikes-kelmeitin-marmelad-satylgan/