Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біресе машина, біресе адам түседі": шымкенттік тұрғындар көшелерінің сапасына шағымданды

Жарияланған күні:

Еңбекші ауданындағы көше.
Еңбекші ауданындағы ойық-шұңқырға толы көше. Видеодан скриншот: otyrar.kz

Еңбекші ауданына қарасты Ұлағат шағын ауданының тұрғындары көшелерінің шұрқ тесіліп қалғанын айтты. Бұған кәріз жүйесін тарту керек болған, алайда тасжолды қазып тастаған мердігердің жобаны аяқсыз қалдыруы себеп дейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ontustiktv.kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Еңбекші ауданының Ұлағат шағын ауданында кәріз жүйесін тарту жобасы аяқталмай, көшелер бүлінген.
  • Тұрғындар жолдардың нашар жағдайына байланысты такси мен жедел жәрдем қызметтерінің кешігуіне шағымданады.
  • Қала әкімдігі мердігерлердің ақауларды өз есебінен түзетуге дайын екенін, бірақ Экономикалық тергеу департаментінің шешімін күтіп отырғанын хабарлайды.

Биыл Роза Сүйеубекованың Ұлағат шағын ауданына қоныстанғанына 15 жыл болған. Осы аралықта көршілерімен көшеге шағал тас төсеп, орталықпен қатынасты реттеген. Алайда инфрақұрылымдық жүйелер үшін жолды бірнеше рет қазуға тура келген. Салдарынан күн ашықта ақ шаң, жаңбыр жауса, батпақ-көлге айналады дейді.

"Бірінші ақша жинап, тас төседік, суға қазды. Одан қайтадан тегістеді. Болды дегенде тас төседік. Әр жаңбыр жауған сайын мынау ойылып-ойылып түсіп кетеді. Шақырып жүріп, тас төсетеміз. Біресе машина түседі, біресе адам түседі" - дейді тұрғын Роза Сүйеубекова.

Тұрғындардың айтуынша, Балбұлақ көшесіндегі бүтін асфальт та бүлінген. Басты көшенің жолы жылға жетпей тозып, көлік қозғалысын қиындатқан. Жолдың ойық-шұңқыры көбейген соң ескерту белгісі ретінде әр тұсына көлік баллоны қойылған. Тұрғындардың шағымынан кейін тас төселіп, көшенің деңгейі көтеріліп кеткен. Енді такси жүргізушілері қызмет көрсетуден бас тартып, медициналық жедел-жәрдем көліктері де кешеуілдеп жетеді дейді.

"Жедел-жәрдем шақырсаң, көшелеріміз тар. Жолдың сиқы мынау, батып қалып, кіре алмай жатады. Көшелеріміз былай қырға қарай кеткен ғой, қыстыгүні мүлдем жүре алмайды "Газельдер". Қалада тұрамыз дегеніміз болмаса, ешқандай цивилизация көрініп тұрған жоқ", - дейді тағы бір тұрғын Марат Сүлеймен.

Ұлағат шағын ауданына кәріз жүйесін тарту 2021 жылы басталған. Жобаға жергілікті қазынадан 1 млрд 425 млн теңге бөлініп, 2022 жылы құрылысы аяқталды. Алайда оны іске қосу кезінде біршама кемшілік анықталған. Енді тапсырыс беруші мекеме атынан Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хат жолданды.

"Экономикалық тергеу департаментіне тиісті хаттарды жолдадық. Тиісті құжаттарды өткіздік. Келесі әрекет осы департаменттің жауабына байланысты. Мердігер мекемені міндеттейді қайта қалпына келтіру жұмыстарын толығымен жүргізуге немесе мердігер мекемені жосықсыз деп таниды", - деп жауап берді Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы бөлімінің бас маманы Ералхан Ешанқұл.

Қала билігінің мәлімдеуінше мердігерлер барлық ақауды өз есебінен қайта қалпына келтіруге әзір. Бірақ енді тергеу қорытындысын күтуге тура келеді. Сондықтан көшелерді жарықтандыру мен жаңадан асфальт төсеу осы шешімнен кейін белгілі болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149071-birese-mashina-birese-adam-tusedi-shymkenttik-turgyndar-koshelerining-sapasyna-shagymdandy/