Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін консервіленген табиғи құнысбалығы сатылған

Жарияланған күні:

Сатып алынған заттарды салатын арбалар
Сатып алынған заттарды салатын арбалар.Фото: pixabay.com

«Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілі жасырын сатып алушы әдісімен осы жылдың шілде айында «Ақпараттық қызметтер көрсету арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халыққа ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізу» атты әлеуметтік жобаны іске асыру мақсатында Атырау қаласындағы дүкендердің бірінен табиғи консервіленген құнысбалығын сатып алды (өндіруші Ресей, Мәскеу қаласы, салмағы 220 г.)

ҚР заңнамаларының барлық қауіпсіздік талаптары, оның ішінде Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 021/2011, «Тамақ өнімдерін таңбалауға қатысты» 022/2011 және «Қаптаманың қауіпсіздігі туралы» 005/2011 техникалық регламенттеріне сәйкестігіне кешенді зерттеу жүргізу мақсатында сатып алынған өнім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына тапсырылды.

Ұлттық сараптама орталығының 04.07.2024 жылғы № 276 Сынақ хаттамасының деректеріне сәйкес анықталғаны:

– пайдалану бойынша ұсыныстар мен шектеулер көрсетілмеген;

– қаптаманы көпжақтықорғауға арналған өңдеу әдісі көрсетілмеген;

– тамақ өнімдерінің қаптамасындағы таңбаламаға жазылған жазулар Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасы талаптарына сәйкес Кеден одағына мүше мемлекеттердің орыс және мемлекеттік тілдерінде жазылуға тиіс;

Таңбалама қазақ тілінде көрсетілмеген.

Осылайша, бұл өнімде техникалық регламенттерге сәйкессіздік белгілері бар деп санаймыз. Тұтынушы, қауіпсіз әрі сапалы тауар сатып алуға, сондай-ақ өзге құқықтарды жүзеге асыруға, оның ішінде тауар, сатушылар, әзірлеушілер туралы тыңғылықты ақпараттар алуға құқылы.

Бұл ретте, ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде берілуге тиіс. Бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат берілмеген болып есептеледі.

Мемлекеттік тілдегі таңбаламаның болмауы «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заңының 21-бабы және ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 25-бабын 3- тармағын бұзу болып табылады, бұл өндірушілер мен сатушыларды қазақ тілінде ақпарат беруге міндеттейді және Қазақстан аумағында сатылатын шетелдік өндіріс тауарлары үшін міндетті талап болып табылады.

ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес таңбалануы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер қауіпті деп саналады.

Консервіленген балық
Консервіленген балық. Фото: Биятан Жанна

Осыған байланысты материалдар тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жіберілді.

Әрбір азық-түлік сатушысы білуі керек!

Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының, «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 425-бабына сәйкес, сондай-ақ адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаған гигиеналық нормативтердің, техникалық регламенттердің талаптарын бұзу:

  • Жеке тұлғаларға үшін – 30 АЕК мөлшерінде;
  • Лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 230 АЕК мөлшерінде;
  • Орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 310 АЕК мөлшерінде;
  • Ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қазақстанда 2024 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш 3 692 теңге.

Айыппұлдардың мөлшері өте жоғары, сондықтан кәсіпкерлерді өздерінің сауда алаңында тәртіпті сақтауға шақырамын.

Сату алдындағы дайындықты жүргізіңіз, таңбалауға, атап айтқанда жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз.

Егер оларда сәйкессіздіктер болса, дистрибьюторлық тауарлардан бас тарту – азық-түлік өнімдерін таңбалауға қойылатын талаптар көрсетілген техникалық регламенттің 4- бабының сақтау болып табылады, – дегенді айтты құқыққорғаушы Биятан Жанна Атыраудағы кәсіпкерлер назарына.

Біз, тұтынушылардың сұранысын әртүрлі тауарлармен әртараптандырып, қанағаттандырғысы келетін кәсіпкерлердің мақсатын түсінеміз.

«Алайда, әрі қарай сату үшін қауіпті және сапалы болмауы мүмкін күмәнді, тиісті құжаттармен расталмаған тауарларды сатып алу арқылы өз бизнесіңіздің әл-ауқатына қауіп төндірмеңіз», – деп кеңес береді құқыққорғаушы Жанна Биятан.

Тауарды сатуға алғанда импорттаушылардан/дистрибьюторлардан сәйкестік туралы декларацияны талап ету қажет, ол олардың мөрінің түпнұсқасымен расталуы тиіс екенін атап өтті Жанна Үрметханқызы.

Бұл норма Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 130 шешімінде былай деп көрсетілген.

Әкелінетін (әкелінген) өнімге қатысты техникалық реттеу шараларының сақталуын растау үшін, бірыңғай нысан бойынша ресімделген сәйкестік туралы декларацияны пайдалануға, егер мұндай өнімнің декларанты болып табылса:

  • осы өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау кезінде өтініш беруші ретінде осындай құжаттарда көрсетілген тұлғаға;
  • Техникалық реттеу шараларының сақталуын растау үшін сәйкестікті бағалау кезінде өтініш беруші немесе әзірлеуші осындай құжаттарды пайдалануға уәкілеттік берген тұлғаға – (сериялық өндіріс өнімі үшін) жол беріледі.

Мұндай құжаттарды пайдалану құқығы көрсетілген адамға сәйкестікті немесе әзірлеушіні бағалау кезінде өтініш берушінің мөрімен расталған, олардың көшірмелерін беру арқылы расталады, – дейді заңгер Жанна Үрметханқызы.

Көріп отырғанымыздай, өнімді сататын әрбір кәсіпкердің өтініш беруші ретіндегі сәйкестік туралы декларациясы міндетті түрде болуы керек.

Ал егер ол декларацияның өтініш берушісі болып табылмаса, онда өтініш берушінің немесе әзірлеушінің мөрімен расталған декларациясының көшірмелері болуы тиіс.

Бұл жағдайда декларацияның өтініш берушісі кез келген кәсіпкер немесе өндірушінің өзі бола алады.

Сәйкестік туралы декларация қандай болуы керек:

Декларация құжаттары
Декларация құжаттары. Скриншот: adilet.zan.kz/

Бұдан басқа, тұтынушылар мен кәсіпкерлер «берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай тізілімінде» декларацияның бар-жоғын мына сілтеме бойынша өз бетінше тексере алады: https://tech.eaeunion.org

Сондай-ақ сәйкестікті бағалау бойынша құжаттар тізілімдерінің қазақстандық сайты бар: https://tech.eaeunion.org/registers тауарлар мен құжаттардың дұрыстығын тексеруге болады, – деп кәсіпкерлерге кеңес береді заңгер Биятан Жанна Үрметханқызы.

Осы және тағы басқалар туралы әлеуметтік жобаның қорытындысы бойынша өткізілетін брифингте айтып береміз.

Брифинг өткізу туралы ақпарат Instagram әлеуметтік желісінде жарияланады: OZPP.KZ

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі: 87054222739

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149084-atyrauda-tehnikalyq-reglamentterge-saikes-kelmeitin-konservilengen-tabigi-qunysbalygy-satylgan/