Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сапалы, пайдалы қаймақ өнімдерін қалай таңдаймыз: сарапшы кеңес берді

Жарияланған күні:

Қаймақ
Қаймақ. Фото: pixabay.com

Қазақстандықтар үшін пайдалы ашымалы сүт өнімдерін қалай таңдауға болады? Баршамыздың сүйікті қаймағымыз қандай өлшемдерге сай болуы керек? Қауіпсіздік шарттарына сай әрі сапалы өндіру үшін бұл өнімнің қаптамасы қандай болғаны жөн? Осы тақырыпта кеңес алу үшін тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық ұйымының сарапшысы Жанна Биятанға жүгіндік.

«Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» биыл «жұмбақ шоппинг» әдісі бойынша 20-дан астам өнімге зерттеу жүргізді. Жүргізілген микробиологиялық талдаулар шеңберінде Беларусь Республикасындағы «Могилев сүт өнімдері» зауытында өндірілген «Бабушкина Крынка» сауда белгісіндегі қаймақ үлгісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қостанай облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» аккредиттелген зертханасына жіберілді. Осы өнім Қостанай қаласында сатып алынған.

Құқыққорғаушы Жанна Биятанның айтуынша, ашымалы сүт өнімдерін шығаратын кейбір өндірушілер елімізге әкелінетін азық-түлік өнімдеріне Кеден одағының қолданыстағы техникалық регламенттерге сәйкес негізгі талаптарды сақтамайды.

«Зерттеу көрсеткендей, бұл өнімнің құтысында қаймақ құрамында рұқсат етілген сүт қышқылы микроорганизмдерінің көрсеткіші нормаға сәйкес келмейді – 1*10 6 КҚБ/г кем, – деп түсіндірді Жанна Үрметханқызы. – Сонымен қатар, зертханалық хаттамаға сәйкес, қаптамада мемлекеттік тілде ақпарат болмаған.

ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 25-бабы 7- тармағына сәйкес, бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат берілмеген деп есептеледі», – деп қосты Ж.Биятан.

Сарапшының айтуынша, біздің еліміздің заңнамасын бұзушыларға елеулі түрдегі айыппұлдар қарастырылған:

- Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық нормаларды, гигиеналық нормативтерді, сондай-ақ техникалық регламенттерді бұзған – жеке тұлғалар үшін – 30 АЕК, лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 230 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 310 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 1600 АЕК айыппұл қарастырылған.

Қорытындылай келе, «Маңғыстау тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» бастаған құқыққорғаушылар аталған өнімдерді өндіруші тарапынан заңбұзушылықтарды жою үшін барлық шараларды қолдануды ұсынды.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша Instagram парақшасы: OZPP.KZ – немесе байланыс нөмірі 87054222739.

Қаймақ
Қаймақ. Фото: Биятан Жанна

Тұтынушыларға көмек:

Ашымалы сүт өнімдерін таңдағанда қоғамдық ұйымның сарапшысы Жанна Биятан өнімнің қаптамасының таңбаламасы мен сыртқы түріне ерекше мән берумен қатар, төмендегідей өлшемдерге назар аударуға кеңес береді. Сондай-ақ:

1. тамақ өнімінің атауы;

2. тамақ өнімдерінің құрамы;

3. тамақ өнімдерінің саны;

4. тамақ өнімдерін өндіру күні;

5. тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі;

6. өндіруші белгілеген немесе тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне арналған

Кеден одағының техникалық регламентінде көзделген тамақ өнімдерін сақтау шарттары.

Қаптаманы ашқаннан кейін сапасы мен қауіпсіздігі өнімді бұзылудан қорғайтын тамақ өнімдері үшін оқаптаманы ашқаннан кейінгі сақтау шарттары да көрсетіледі;

7. тамақ өнімдерін өндірушінің атауы мен орналасқан жері немесе тамақ өнімдерін өндіруші жеке кәсіпкердің тегі, аты және әкесінің аты және орналасқан жері;

8. ұсынымдар және (немесе) пайдалану бойынша шектеулер;

9. өнімдердің тағамдық құндылығының көрсеткіштері;

10. тамақ өнімдерінде генетикалық түрлендірілген ағзаларды (ГМО) пайдалана отырып алынған компоненттердің бар-жоғы туралы мәліметтер;

11. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер нарығында өнім айналымына арналған бірыңғай белгі.

Ақпарат орыс тілінде және мемлекеттік тілде болуы керек.

Материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – «Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі дайындады.

«Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасын зерттеу қатысты нәтижелері туралы таратқан ақпараттары жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың заңды мүдделері мен құқықтарын іске асыруға ықпал етеді.

ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 41-бабы 8 және 14- тармақшаларын басшылыққа ала отырып, Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы. Қостанай облысында сатылатын азық-түліктік және азық- түліктік емес тауарлардың 20-дан астам түрін зерттеуге бастамашы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149093-sapaly-paidaly-qaimaq-onimderin-qalai-tangdaimyz-sarapshy-kenges-berdi/