Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алты ұл, бір қызым бар": Ақтөбе облысында 34 жастағы келіншек дүниеге үшем әкелді

Жарияланған күні:

Гүлсая Қалжанова
Гүлсая Қалжанова үшемімен. Фото: жеке мұрағатынан

Қандыағаш қаласының 34 жастағы тұрғыны Гүлсая Қалжанова дүниеге үшем әкелді. Хамза, Ибраһим, Ахмад есімді батырлардың үш ағасы, бір әпкесі бар. Көп балалы ана болу арманы орындалған келіншек KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұқбат берді.

7 тамызда Ақтөбедегі перинаталдық орталықта үшем өмірге келді. Үшеуі де ер бала. 2100 гр, 2400 гр, 2500 гр болып туған нәрестелердің жағдайы жақсы. Гүлсая Қалжанованың қуанышында шек жоқ.

"Үйде төрт балам бар. Енді жеті бала. Менің әкем мен анам жағынан да егіз бар. Бірақ үшем болған жоқ. Қуанып жатырмыз. Алты апталығында үшем екенін білдік. Қуанғаннан жылап та алдық. Мен өзім үйде екі қыз болып өстім. Көп балалы болуды армандадым. Күйеуге шыққан кезімде "кілең ұл туамын" деп айтатын едім. Сол сөзім қабыл болған шығар. Алты ұл, бір қызым бар. Жолдасым да балажан. Біздің шыққанымызды асыға күтіп отыр", - деді көпбалалы ана.

Ол Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласынан. Балалардың әкесі теміржолшы, анасы аудандық әкімдіктің қызметкері. Балаларының үлкені 13 жаста.

"Біз бақыттымыз. 19 жасымда тұрмысқа шықтым. 20 жасымда тұңғышым өмірге келді. Әр бала – үлкен қуаныш", - дейді келіншек.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149168-alty-ul-bir-qyzym-bar-aqtobe-oblysynda-34-zhastagy-kelinshek-duniege-ushem-akeldi/