Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әкімдігі университеттерге 858 грант бөлді: оған кімдер үміткер бола алады

Жарияланған күні:

Білім гранты
Түлектерге арналған білім гранты: freepik.com

Астана әкімдігі елорданың жоғары оқу орындарына 858 білім грантын бөлді. Гранттар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға бағытталған, деп хабарлайды қала әкімдігі Telegram-дағы арнасында.

Әкімдік ақпаратынша, 2018 жылдан бастап Астана қаласының әкімдігі педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша, сондай-ақ гуманитарлық бағыт бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу жобасын іске асырып келеді.

"Бұл жоба кадр тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. 2024-2028 оқу жылдарына қала әкімдігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 858 білім беру грантын белгіледі", - делінген хабарда.

Астана әкімдігінің білім гранттары еліміздің сегіз жоғары оқу орнына бөлінген.

  1. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  2. Астана халықаралық университеті;
  3. А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты;
  4. Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы;
  5. Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті;
  6. А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті;
  7. Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық;
  8. Астана медицина университеті.

Білім беру грантына конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінен үміткерлер қатыса алады. Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149240-astana-akimdigi-universitetterge-858-gran-boldi-ogan-kimder-umitker-bola-alady/