Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павел Дуров Қазақстанға қайта келді

Жарияланған күні:

Павел Дуров
Павел Дуров. Фото: t.me/durov

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға қайтадан келді. Бұл жолы кәсіпкер елде демалысын өткізбек, деп хабарлайды Kazinform.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Дуров елге алғаш іссапармен келгенін, ал бұл жолы демалуға келгенін атап өтті.

"Өткен жолғы сапарының мақсаты – жұмыс бабымен байланысты болды. Ол Бурабайдан бөлек, Астанада әртүрлі объектілерге, атап айтқанда біздің министрлікке, Астана халықаралық қаржы орталығына, Astana Hub тағы басқа ұйымдарға барды. Алматыда да болды. Бұл жолы демалу мақсатымен қайта оралды, оған Бурабай өте ұнады", - деп түсіндірді ол.

Еске салайық, маусымның соңында Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Астанаға келген еді. Оны Қазақстанға цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев шақырған.

Сол күні Дуровтың Astana Hub-та эскалаторға мініп бара жатқан сәті түсірілген видео тарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149471-pavel-durov-qazaqstanga-qaita-keldi/