jitsu gif branding logo appbranding logo app

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Астанаға келді

Павел Дуров
Павел Дуров. Фото: Manuel Blondeau/AOP.Press/Corbis via Getty Images

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Астанаға келді. Бұған дейін Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев оны Қазақстанға шақырғанын айтқан болатын. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

KAZ.NUR.KZ өз дереккөзінің ақпаратына сүйене отырып, Кәсіпкер, бағдарламашы әрі Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Астанаға келгенін хабарлайды.

Жақында Цифрлық даму министрлігінің басшысы Жаслан Мәдиев Павел Дуровты Қазақстанға шақырғанын айтқан болатын.

"Менің ойымша, ол болашақта Қазақстанға келеді деп ойлаймын. Өзім де бұл үшін күш саламын. Талқылайтын нәрселер бар - бірлескен зертханаларды іске қосу, білесіздер Telegram жоғары технологиялық компания", - деді министр Мәдиев.

Айта кетейік, Дуров жақында Қырғызстандағы Ыстықкөлде болды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.