jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Синоптиктер елімізде күзде ауа райы қандай болатынын болжады

Жерге түскен жапырақтар
Күз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қыркүйекте жаңбыр жауып, екпінді жел соғып және ауа температурасы жиі өзгереді. Синоптиктер Қазақстанда күзде ауа райы қандай болатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, қыркүйектің бірінші онкүндігінде күн жылы болып, жауын-шашын аз түседі. Содан кейін атмосфералық фронттардың жиі өзгеруі республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райына алып келеді.

Қыркүйекте жаңбыр жауып, екпінді жел соғып және ауа температурасының жиі өзгеруі күтіледі, ал солтүстік аймақтарда түнде 1-7°C дейін үсік болуы мүмкін.

Оңтүстік өңірлерде жоғары қысымды аймақтың әсерінен жауын-шашын нормадан аз болады деп болжанды. Температура фоны салыстырмалы түрде жылы болып қалады.

Алайда ай бойы ауа температурасы: түнде + 15 +23°С-тан +3 +10°С-қа дейін, ал күндіз+25 +35°С-тан +15 + 23°С-қа дейін біртіндеп төмендейді.

Қыркүйек айында ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1° жоғары болады. Батыста, еліміздің қиыр шығысындағы және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда норма шамасында болжанды.

Қыркүйек айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында және нормадан көп деп болжанса, елдің оңтүстік аймақтарында нормадан аз болады дейді мамандар.

Қазан және қараша айларында күн салқындап күзден қысқа біртіндеп ауысу байқалды.

Жалпы алғанда, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы алдағы жылдармен салыстырғанда әдеттегіден төмен болады, ал жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде норма шамасында және нормадан көп болады деп болжанған. Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен орталығында, жауын-шашын нормадан аз болуы ықтимал.

Синоптиктер елімізде күзде ауа райы қандай болатынын болжады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.