Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қашуға мүмкіндік болмайды": Алматы тауларында сел қаупі жарияланды, ТЖД тұрғындарға үндеу жасады

Жарияланған күні:

Сел
Сел. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда жауын-шашын салдарынан Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің бассейнінде сел жүру қаупі бар деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, 18 тамызда тауда нөсерлі жаңбырдан жауғанына байланысты Алматы қаласында және оған іргелес таулы жерлерде (кіші және Үлкен Алматы өз алқаптары) сел ағындарының қалыптасу қауіптілігі бар.

"Гидрометеорологиялық және сел жағдайының талдауына сәйкес, қатты жаңбыр жауған кезде сел құбылыстары болуы мүмкін.

Қазселденқорғау бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерде бақылаудың жеделдетілген режиміне ауыстырылып, аэровизуалды және жергілікті бақылау жүргізілуде, инженерлік-техникалық қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды", - делінген хабарламада.

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына сел тасқынына қалып қалған жағдайда, құтқарылуға мүмкіндік жоқ екені ескертілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2150187-qashuga-mumkindik-bolmaidy-almaty-taularynda-sel-qaupi-zhariialandy-tzhd-turgyndarga-undeu-zhasady/