Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұшақ Астанаға апатты жағдайда қонды: жолаушы жансақтау бөліміне жатқызылды

Жарияланған күні:

Ұшақ әуеде ұшып барады
Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Токио-Цюрих рейсінің жолаушысы инсульт алды. Әуе кемесінде денсаулығы нашарлағаны себепті ұшақ шұғыл түрле Астанаға қонуға мәжбүр болған деп хабарлайды Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне Жапониядан келген жолаушының жағдайы туралы мәлімдеді.

"Ағымдағы жылдың 17 тамызында жедел жәрдем қызметімен №2 қалалық көпсалалы ауруханаға жедел ми қан айналымы бұзылған (инсульт) ер адам жеткізілді. Оның қазіргі жағдайы ауыр", - деп хабарлады басқарма өкілі.

52 жастағы жапон азаматы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 88-бабының 5-тармағына сәйкес емделіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2150247-ushaq-astanaga-apatty-zhagdaida-qondy-zholaushy-zhansaqtau-bolimine-zhatqyzyldy/