Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік грант алмаған талапкерлер қайда хабарласа алады: Call-орталық номері жарияланды

Жарияланған күні:

Студенттер аудиторияда дәріс тыңдап отыр
Студенттер. Көрнекі фото: Unрlash / Дом Фу

Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік грант алмаған талапкерлерге қосымша гранттар, оқу ақысын жеңілдету және басқа да мүмкіндіктер туралы ақпарат алуға болатын Call-орталықтың номерін жариялады. Бұл туралы ведомство Telegram-дағы арнасында хабарлады.

"2024-2025 жылғы оқу жылына арналған білім грантын иеленбеген талапкерлердің грант иегері атануы үшін қосымша мүмкіндіктер жөнінде ақпарат ұсыну мақсатында арнайы Call-орталығы жұмыс істейді.

Call-орталығы арқылы сіз қосымша гранттар, оқу ақысын жеңілдету және басқа да мүмкіндіктер туралы ақпарат ала аласыз", - делінген хабарда.

Байланыс нөмірлері:

8(7172) 69-50-69

8(7172) 69-52-92

8(7172) 69-50-71

Орталық дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00 - 18:00 аралығында жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2150443-memlekettik-grant-almagan-talapkerler-qaida-habarlasa-alady-call-ortalyq-nomeri-zhariialandy/