jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Маңғыстауда мұнай мен газ заңсыз өндірілген

Мұнай бұрғылау
Мұнай бұрғылау. Көрнекі сурет: pixabay.com

Маңғыстауда экологиялық бұзушылықтар анықталып, компанияға 7,8 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Табиғат қорғау прокуратурасы өкілдері талдау барысында экологиялық заңнаманың бұзу деректерін анықтады.

Атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушы "Жалғызтөбемұнай" ЖШС 2024 жылдың 1-11 қаңтар аралығында экологиялық рұқсатсыз мұнай және ілеспе газ өндіруді жүзеге асырған.

"Прокурорлық қадағалау актісімен аталған мекеме  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Айыппұл сомасы 7,8 млн теңгені құрады", - делінген хабарламада.

Маңғыстауда мұнай мен газ заңсыз өндірілген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.