Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлер қаза тапқан жол апаты: жәбірленушінің аяғына ампутация жасалды

Жарияланған күні:

Жол апаты
Жол апаты. Фото: t.me/kris_p_almaty_official

Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілдері 6 адамның өмірін қиған жантүршігерлік апаттан зардап шеккен төрт адамның жағдайы туралы айтты. Ауруханаға түскендердің бірінің аяғына ампутация жасалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 тамызда түнгі сағат екіде болған оқыс оқиға салдарынан төрт зардап шегуші жедел жәрдемнің көмегімен Меркі орталық аудандық ауруханасына түскен.

"Ер адам өте ауыр жағдайда түсті. Оң аяғына ампутация жасалды, бауыры тігілді, сол аяғына келсек, қаңқасы тартылған, бүгінде оның жағдайы тұрақты. Жамбас буынының остеосинтезі отасы жасалады деп жоспарланып отыр", - деп хабарлады Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Екінші жәбірленуші – әйел адам, омыртқа сүйегі сынып, ауруханаға түсті. Оған ота жасалған, жағдайы тұрақты, травматологияда емделіп жатыр.

Ауруханаға анасы мен баласы да жеткізілді. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, түскен кезде олардың жағдайы қалыпты болған. Кейін баланың бас ми жарақатын алғаны, ал анасының миы шайқалғаны анықталды. Туыстарының талабы бойынша жексенбі күні олар одан әрі емделу үшін Түркістанға жіберілді.

Еске салсақ, Жамбыл облысындағы республикалық тасжолда жантүршігерлік көлік апаты салдарынан 6 адам мерт болды.

Олардың арасында екі полиция қызметкері болған. Бұған дейін қаза болған полицейлердің бірінің 11 баласы болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2150719-politseiler-qaza-tapqan-zhol-apaty-zhabirlenushining-aiagyna-amputatsiia-zhasaldy/