Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік министрі Қазақстан нарығына еуропалық такси қызметі келетінін айтты

Жарияланған күні:

Такси
Такси белгісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Еуропада сұранысқа ие такси қызметі Қазақстан нарығына кіреді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Үкімет кулуарында көлік министрі шетелдік такси қызметінен ұсыныс түскенін айтты.

"Бізге Bolt компаниясынан ұсыныс түсті. Бұл – Эстонияның жобасы. Еуропада сұранысқа ие компания, Еуропаның Яндекс сияқты такси қызметі. Олар біздің нарыққа қызыққаны рас. Егер нарыққа келіп, қызметін бастаймыз десе, біз оны қолдаймыз", - деді Қарабаев.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандағы такси қызметі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше елдердің ішіндегі ең қымбаты болып шыққанын жазған едік.

Қазақстанда такси саласы қоғамның жіті бақылауында. Оған себеп – бағасы. Еске салсақ, сарапшылар 2023 жылы такси қызметі бағасының көтерілгенін бірнеше рет тіркеген еді.

Айта кетерлігі, биыл да такси бағасы өсті. Ranking.kz порталының мәліметінше, 2024 жылдың наурыз айының соңында бұл қызмет ел бойынша орта есеппен айына 0,6 пайызға және жылына 12,3 пайызға өскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151036-kolik-ministri-europalyq-taksi-qyzmetining-qazaqstanga-keletinin-aitty/