Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде ұшақтар неге жиі кешігеді: министр жауап берді

Жарияланған күні:

Әуежайдағы ұшақ
Әуежайдағы ұшақ. Көрнекі сурет: unsplash.com

Көлік министрі Марат Қарабаев әуе рейстері неліктен жиі кешігетіні жөніндегі сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда бұрынғыға қарағанда, ұшақпен ұшатындар саны артқан. Осы қызметті пайдаланушылар саны 20 пайызға көбейген.

"Кейінгі үш жылда авиацияда жолаушылар ағыны өсіп келеді. Бұл – ең жылдам дамып келе жатқан көлік түрі.

Инфрақұрылымды дайындау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жазда жүргізіледі. Өкінішке қарай, мезгіл қысқа. Мұның бәрі, әрине, ұшу жүйелігі мен әуе кемелерінің кешігуіне әкеп соқтырады.

Егер әуе компаниясында 101 ұшақ болса, оның 10-ы айналымнан шығып қалады. Бесеуіне бұршақтан, бесеуіне адами фактордан зақым келді. Яғни, әуе паркінің 10 пайызы бірнеше күн бойы айналымнан шықты. Бұл да ұшу жүйелігіне әсер етеді",- деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Fly Arystan 12 жастағы қызды рейске отырғызбағанын, әуекомпания жағдайдың мән-жайды түсіндіргенін жазған едік.

Еске салсақ, желіде FlyAryastan ұшағына кешігіп келген жолаушылар Алматы әуежайында шу шығарды деген ақпарат тараған еді.

Кейіннен жолаушылардың бірінің үстінен әкімшілік іс қозғалғаны хабарланды.

Министр Марат Қарабаев осы оқиғаға қатысты тексеріс жүргізілгенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151073-elimizde-ushaqtar-nege-zhii-keshigedi-ministr-zhauap-berdi/