jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Бақытжан Отарбаева
Бақытжан Отарбаева
Бұрынғы қызметкер
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Қате хабарлама жіберген FlyАrystan оқиғасына қатысты министр пікір білдірді

FlyArystan
FlyArystan. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Көлік министрі Марат Қарабаев қате хабарлама жіберген FlyАrystan оқиғасына қатысты пікір білдірді. Министрдің сөзінше, хабарлама техникалық ақаудың салдарынан жіберілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

“Әуекомпания ішкі тексеріс жүргізді. Авиация админстрациясы қосымша тексеріс жүргізіп, техникалық ақау екенін анықтады. 09:05-те ұшуы керек ұшақ 10:55-те ұшатыны туралы хабарлама техникалық ақаудың салдарынан жіберілген, ұшақ 09:25-те ұшып кеткен. Хабарламаны алып, кешігіп қалған жолаушылар келесі рейспен ұшырылды”, - деді министр.

Қарабаев ұшақтардың жиі кешігуін жолаушылардың көбеюімен байланыстырып отыр.

“Ұшақты да ұшатын жолақты да жөндеу жұмыстары жазда жүргізіледі. Қыркүйекте аяқталады”, - деді ол.

Еске салсақ, желіде FlyAryastan ұшағына кешігіп келген жолаушылар Алматы әуежайында шу шығарды деген ақпарат тараған еді.

Кейіннен жолаушылардың бірінің үстінен әкімшілік іс қозғалғаны хабарланды.

Қате хабарлама жіберген FlyАrystan оқиғасына қатысты министр пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.