Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жолайрық құрылысына байланысты бірқатар көше жабылады

Жарияланған күні:

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда Райымбек-Момышұлы жолайрығының аумағына орташа жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көше жабылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Райымбек-Момышұлы жолайрығының аумағына орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

20 тамыз сағат 23.00-ден 22 тамыз сағат 11.00-ге дейін Момышұлы көшесінде Төле би көшесінен Талдыарал көшесіне дейінгі эстакадада, сондай-ақ оған бұрылатын және одан шығатын жол жабылады", - делінген хабарламада.

Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, бұл аумақты Төле би, Ақсай 1-А, Саин, Еспаев, Сухамбаев-Доспанов көшелері арқылы айналып өтуге болады.

"Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлап алуыңызды сұраймыз", - деп ескертті ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151180-almatyda-zholairyq-qurylysyna-bailanysty-birqatar-koshe-zhabylady/