Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында биыл 200 мыңнан астам оқушы бір реттік ыстық тамақпен қамтылады

Жарияланған күні:

Асхана
Асхана. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан облысында биылғы оқу жылынан бастап бастауыш сыныпта оқитын 220 920 бала бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдіктің ресми сайтында айтылғандай, жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сыныпта оқитын 220 920 бала бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде осал топтағы отбасыдан шыққан 60 693 бала, 1-4 сыныптағы 160 227 бала бар.

Жалпы облыстағы 881 мектепте балаларды ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылған.

Бүгінде өңірде 530 мың оқушы болса, оның 52 593-і биыл 1-сыныпқа қабылданады. Айта кетсек, 2024 жылғы "Мектепке жол" акциясы аясында мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алатын әлеуметтік осал топ отбасынан шыққан 60 693 балаға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Бұдан бөлек, әр баланың мектеп формасына 43 407 теңгеден беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151243-turkistan-oblysynda-biyl-200-myngnan-astam-oqushy-bir-rettik-ystyq-tamaqpen-qamtylady/