Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық студент Голливудты таңдай қақтырып, бірден 7 жүлдеге ие болды

Жарияланған күні:

Әлихан Нұржауов
Әлихан Нұржауов. Фото: Instagram/kimalkhanov

Жүсіпбек Елебеков Алматы эстрада-цирк өнері колледжінің студенті Әлихан Нұржаов әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғап, үлкен жетістіке ие болды. Отандасымыз бірден 7 жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматылық дарынды студент Голливудта өткен цирк өнерінің әлем чемпионатында көпшілікті таңдай қақтырды. Аталмыш байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен ең үздік әртістер қатысты. Отандасымыз бұл сында үлкен жетістікке жетіп, бірнеше жүлдеге ие болды.

Әлихан Нұржауов үш алтын және үш күміс медальді жеңіп алды. Оған қоса қазақстандық студентке кәсібилігі мен шеберлігін растайтын арнайы орден табысталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151249-qazaqstandyq-student-gollivudty-tangdai-qaqtyryp-birden-7-zhuldege-ie-boldy/