Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жоғары сапалы америкалық вакцина": Шымкентте 13 мың қызға тегін екпе салынады

Жарияланған күні:

шприц ұстаған ер адам
Шприц ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте 13 мыңға жуық қыз балаға жатыр мойны обырына қарсы вакцина салынады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 24kz арнасына сілтеме жасап.

"11 жастағы қыздарға арналған екпе мемлекет есебінен салынады. Себебі осы жаста "Адам папиллома вирусына" қарсы вакциналаудың иммундық реакциясы жақсы қалыптасады", – дейді мамандар.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлағанындай, Қазақстанда жатыр мойнының қатерлі ісігі онкологиялық аурулар арасында екінші орында тұр. Жылына 1900 жағдай тіркеліп, 600-ге жуық әйел қайтыс болады. Оның алдын алудың жалғыз жолы – екпе.

Қазір аймақтағы дәрігерлер мен мейірбикелер толық оқу курсынан өтті. Қыркүйек айынан бастап мектептер мен емханаларда екпе ерікті түрде салына бастайды.

"Вакциналау 2 кезеңнен тұрады. 11 жаста, сосын 6 айдан кейін тағы да бір рет жасалады. Алынып жатқан вакцина – өте жоғары сапалы америкалық вакцина. Төрт валентті. Адам папиллома вирусына қарсы вакцинация болып есептеледі. Сондықтан осы ұлттық тізімге енгізілген", - деді ҚР ДСМ бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151402-zhogary-sapaly-amerikalyq-vaktsina-shymkentte-13-myng-qyzga-tegin-ekpe-salynady/