Алматы-Атырау рейсі ұшақ бортындағы жағдайдан соң 15 минуттан кейін әуежайға оралды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматы – Атырау бағытында ұшқан ұшақ 15 минуттан соң әуежайға қайта оралды. Борттағы жолаушылардың бірін инфаркт алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматыдағы №4 клиникалық ауруханаға сілтеме жасап.
Алматы қалалық клиникалық ауруханасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақ рейстегі жолаушылардың бірінің инфарктына байланысты әуежайға оралды.
Жерге қонған бойда ер адам жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгені атап өтілді.
"Жағдайы өте ауыр деп бағаланды, қан қысымы төмендеген, кардиогенді шок болып, тыныс алу нашарлаған. Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі 4 пайыз ғана.
1-1,5 сағат ішінде науқаста ауыр жүрек жеткіліксіздігі болып, басқа ауруханаға жеткізу қауіпті деп саналған.
Пациентке стенд қойылып, шара сәтті орындалды. Қазіргі уақытта пациенттік жағдайы қанағаттанарлық, үш күн жансақтау бөлімінде жатты", - деді №4 клиникалық аурухананың рентген эндоваскулярлық хирургия және кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Асқар Нәрінбаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151498-almaty-atyrau-reisi-ushaq-bortyndagy-oqigaga-bailanysty-15-minuttan-keiin-auezhaiga-oraldy/