Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайында ұшақ ұшу жолағынан шығып кетті: оқиғаны Швейцария тарабы тергейді

Жарияланған күні:

Ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: pexels.com

Астана әуежайындағы Токио-Цюрих рейсімен болған оқиғаға көлік вице-министрі Талғат Ластаев түсініктеме берді. Бұл фактіні Швейцария тарабы тергейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бұл ұшақ апатты жағдайда қонды. Қазір жолаушы жансақтау бөлімінде жатыр. Тиісті сараптамадан кейін ұшақ өз еліне ұшып кетті. Барлық жолаушы діттеген жеріне басқа әуе кемесімен жеткізілді.

Тергеу бойынша, талапқа сәйкес, бұл оқиғаны әуе кемесінің тіркелген елі, яғни Швейцария тергейді", - деді Талғат Ластаев.

Айта кетейік, 17 тамызда елордаға шұғыл қонған Токио-Цюрих рейсіндегі оқиғаға байланысты Астана әуежайы екі сағатқа барлық рейстерге уақытша жабылғаны хабарланған болатын. Содан кейін ұшақтың топыраққа шығып кеткені белгілі болды. Экипаж 50 жастағы жолаушы инсульт алды деген күдікке байланысты қонуға шешім қабылдаған. Кейін Астана әуежайы жұмысын қайта жалғастырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151549-astana-auezhaiynda-ushaq-topyraqqa-shygyp-ketti-oqigany-shveitsariia-taraby-tergeidi/