Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда іс жүзінде жұмыс істемейтін адамдарға 130 млн теңге "айлық" төленген

Жарияланған күні:

Ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Түркістанның еңбек мобильділігі орталығында іс жүзінде жұмысқа тұрмаған адамдарға 130 млн теңге төленген. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасының мәліметінше, Түркістан облысы бойынша "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ-де жұмыспен қамту саласына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілерін Қаржылық мониторинг агенттігі облыстық прокуратурамен келісе отырып анықтаған.

Ведомство өкілдері мекеме қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады. Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 миллион теңгеден асқан.

"Еңбек мобильділігі орталығы" КММ-нің жауапты тұлғалары "2021-2025" жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы" аясында субсидияланған жұмыс орындарына қатысушы тұлғалардың жалақыларын төлеу барысында, бірқатар кәсіпорынның басшыларымен адамдар тобы болып сөз байласа отырып, мекемелерде іс-жүзінде жұмыс жасамайтын 132 азаматтың жеке деректерін "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіп, оларға аударылған айлық жалақыларын иемденіп отырған", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151601-turkistanda-is-zhuzinde-zhumys-istemeitin-adamdarga-130-mln-tengge-ailyq-tolengen/