Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр оқушылардың белдемшесінің ұзындығына қатысты петицияға пікір білдірді

Жарияланған күні:

Оқушы
Оқушы. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп оқушыларының белдемшесінің ұзындығына қатысты жарияланған петицияға пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, әрбір ата-ана мен оқушы мектепке білім алу үшін баратынын түсінуі керек.

"Петицияға қатысты айтсам, мектеп формасына қатысты белгілі бір ережелер мен талаптар бар. Бәрі сол ережелерді ұстануы қажет", - деді министр.

Содан кейін журналистер бұл ережелерде белдемшенің ұзындығы туралы пункт жоқ екенін айтты.

Бұған Бейсембев "Бар, демек болады" деп жауап берді.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар мектептерде жоғары сынып оқушыларының белдемшелерінің ұзындығына қойылатын талапты заңнамалық деңгейде бекітуді ұсынған.

Петицияда қыздар формасына тізеден төмен болатын белдемшелер мен кеудені жауып тұратын жейде талабын енгізу ұсынылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151723-ministr-oqushylardyng-beldemshesining-uzyndygyna-qatysty-petitsiiaga-pikir-bildirdi/