jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

"Тізеден төмен белдемше": Қазақстанда мектеп формасына қатысты петиция пайда болды

Оқушылар
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстандықтар мектептерде жоғары сынып оқушыларының белдемшелерінің ұзындығына қойылатын талапты заңнамалық деңгейде бекітуді ұсынды. Петиция ePetition сайтында пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Петицияда Қазақстандағы балаларды оқытуға қатысты Қазақстан Республикасының бірқатар заңына сілтеме жасалған. Автор сонымен қатар мектепте діни форма киюге тыйым салынғанын еске салды.

Үндеуде діни киімдерге тыйым салынатынын, алайда кейбір азаматтар қысқа киім кигендерге көз жұма қарайтынынына шағымданатыны жазылған.

"Мұндай манипуляциялардың алдын алу үшін жалпыға міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға толықтырулар енгізу ұсынылып отыр. Ол жоғары сынып оқушыларының киімінің кейбір тұстарын нақтылауды көздейді.

Ұлдар мен қыздарға арналған шалбардың ұзындығын реттейтін, тобықты жауып тұратын шалбар киюді талап ететін талаптарға қоса, тізеден төмен болатын белдемшелер мен кеудені жауып тұратын жейде талабын енгізу ұсынылады.

Ұсынылған толықтыруларды қабылдау қоғамды тұрақсыздандыратын көптеген манипуляцияның алдын алуға көмектеседі. Нәтижесінде міндетті мектеп формасына қатысты дауға нүкте қойып, зайырлылық негіздерін нығайтып, негізсіз айыптауларды жоюға болады", - делінген петиция мәтінінде.

Петиция 13 тамызда жарияланған. Бұл ұсыныс қаралуы үшін петиция 50 мың қол жинауы қажет.

"Тізеден төмен белдемше": Қазақстанда мектеп формасына қатысты петиция пайда болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.