Адвокат грант алмаған талапкер Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа бергенін айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚұқыққорғаушы Халида Әжіғұлова 20 тамызда ҰБТ-да жоғары балл жинаса да, грантқа түсе алмаған бірінші талапкер Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа бергенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Құқыққорғаушы Instagram желісіндегі жазбасында оған гранттардың әділетсіз бөлінді деген мәселемен 200-ден астам талапкер хабарласқанын айтты.
"Көмек сұраған 200-ден астам бала қазір менен ұлттық және халықаралық органдарда өз құқықтарын қорғау бойынша кәсіби білім алуға мәжбүр. Бірақ ешкім еңсесін түсірмейді.
Мен министрлік тарапынан құқықтық әділетсіздікке шыдағысы келмейтін балаларымыз бен жастарымызға тәнтімін", - деп жазды Халида Әжіғұлова.
Оның айтуынша, тағы бірнеше бала шағым түсіреді.
"Балалар байсалды және олар әділдікке жеткенше өз құқықтары үшін күреседі. Ал мен, біз ересектер оларды қолдауымыз керек. Мен оларды міндетті түрде қолдаймын", - дейді ол.
NUR.KZ тілшісі министрлікке пікір алу үшін сауал жолдады. Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі ведомствоға әлі талап арыз түспегенін айтты.
Еске салсақ, бұған дейін биыл жоғары балл алса да, білім грантын ала алмаған түлектер KAZ.NUR.KZ тілшісіне жанайқайын айтқан еді.
Кейін Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік грант алмаған талапкерлерге қосымша гранттар, оқу ақысын жеңілдету және басқа да мүмкіндіктер туралы ақпарат алуға болатын Call-орталықтың номерін жариялады.
Сонымен қатар Ғылым және жоғары білім министрі Қазақстанда талапкерлерге тағы 10 мың грант бөлінетінін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151730-grant-almagan-talapker-gylym-zhane-zhogary-bilim-ministrligin-sotqa-berdi/