Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бала бауырынан табақ жүгірту": Түркістанда ұмыт болып бара жатқан салт-рәсімдер дәріптелді

Жарияланған күні:

Ақ кимешек киген әжелер
Ақ кимешек киген әжелер. Фото: gov.kz

Бүгін "Өнерлі өлке" облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан қаласының мәдени күндері басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Түркістанда "Өнерлі өлке" облыстық өнер фестивалі аясында қаланың мәдени күндері басталып, этноауылда ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар көрсетілді.
  • Шара барысында "Яссы" ансамблінің өнері, қолөнер шеберлерінің көрмесі, айтыс, және "Танабау тағу", "Бала бауырынан табақ жүргізу" сияқты ескі салт-рәсімдер ұсынылды.
  • Фестиваль аясында келесі күні көше театры қойылымы, ұлттық спорт сайыстары және кешкі гала-концерт өткізілетіні жарияланды.

Этноауыл аумағында Түркістан қаласының өнерпаздары ұмыт болып бара жатқан көне ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сахналап, ақ кимешек киген әжелер тобы "Ауылдың алты ауызын" шырқады.

"Яссы" халықтық этнофольклорлық ансамблі күйден шашу шашып, "Яссы" би ансамблінің концерті көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ "Түркістан мұрасы" атты қылқалам, қолөнер шеберлері мен бұйымдары, суретшілердің туындылары мен қаланың жетістіктері туралы көрмелері қойылды.

Бұдан бөлек, "Көненің көзі – әжелер" дизайнерлік өнер сырмақ, түскиіз, ұршық иіру, тоқыма тоқу мен құрақ құраудан шеберліктерін көрсетсе, этно-мәдени ұлттық орталықтар оның ішінде (өзбек, түрік) этностарының көрмесі қойылды.

Шара аясында айтыскер ақындар арнауларын орындап, айтыстың үлгісін көрсетсе, ұмыт болып бара жатқан "Танабау тағу", "Бала бауырынан табақ жүгірту", "Керегеге орамал байлау", "Келінге кимешек-шылауыш кигізу", "Тоқымқағар" салт-рәсімдері сомдалды.

"Шара ертең де жалғасын табады. 22 тамызда "Түркістан халық театры" дайындаған көше театрының стилінде "Саф алтын арыстар" тақырыбында көрініс-қойылымы ұсынылады және ұлттық спортты ұлықтау мақсатында бірнеше спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылады", - делінген әкімдік сайтында.

Ал кешкі сағат 19:00-де қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының және эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151742-bala-bauyrynan-tabaq-zhugirtu-turkistanda-umyt-bolyp-bara-zhatqan-salt-rasimder-daripteldi/