Әскерден мүгедек болып оралған сарбаздың видеосына Ұлттық ұлан өкілдері жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомӘлеуметтік желіде қазақстандық әскери борышын өтеуге кеткен ұлының мүгедек болып оралғанын айтты. Жағдайға Ұлттық ұланының баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Мұндай ақпаратты Instagram желісінде Лола Израилова деген қолданушы жариялады.
"Ербаян өз еркімен әскерге кетті. Ол отан алдындағы борышын өтегісі келді. Бірнеше айдан кейін ол ауыр халде ауруханаға түсті (...) Бұл оқыс жағдай болған деп бізді сендірмек", - делінген жазбада.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметі жағдайға қатысты NUR.KZ тілшісіне түсініктеме берді.
"Қатардағы Мұхтардың басынан жарақат алу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 440-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы (Денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып, әскери қызметшілер арасындағы қарым-қатынастың жарғылық ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу барысы ІІМ ӘТД басшылығының бақылауында", - делінген жауапта.
Сонымен қатар Ұлттық ұлан өкілдері жас жігіттің еміне де тоқталды.
"Әскери қызметші ата-анасының талабы бойынша оңалту емінен кейін үйіне шығарылды. Сонымен бірге Денсаулық сақтау министрлігінің емдеу мекемесі ІІМ Ұлттық ұланның әскери-медициналық басқармасымен бірлесіп, мүгедектігін тіркеуге көмек көрсетуде.
Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығынан В.М. Бехтерев атындағы "Ұлттық ғылыми психиатрия және неврология орталығы" ММ-не, С.М. атындағы Әскери-медициналық академиясына, Ресей Федерациясының профессор А.Л.Поленов атындағы Киров және Ресей ғылыми-зерттеу нейрохирургиялық институтына, сондай-ақ Түркия елшілігіне кеңес беру және ауруханаға жатқызу мәселесін қарастыру үшін хат жолданды", - делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 440-бабы 3-бөлігінің 4-тармағына сәйкес, денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып, әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастың жарғылық ережелерін бұзғаны үшін 4 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151757-askerden-mugedek-bolyp-oralgan-sarbazdyng-videosyna-ulttyq-ulan-okilderi-pikir-bildirdi/