Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арнайы штаб құрылды": Досаев Алматыда жатақхана тапшылығы мәселесін қалай шешіп жатқанын айтты

Жарияланған күні:

Жатақхана. Фото
Жатақхана. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев жаңа оқу жылына дайындық және студенттерді жатақханаға орналастыру мәселесі бойынша жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесті. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Еліміздің маңдайалды оқу орындарының дені Алматыда орналасқан, жыл сайын мыңдаған студент жоғары білім алу үшін осында келеді. Біздің міндетіміз – оларға сапалы білім беру және жайлы жатақханамен қамтамасыз ету", - деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Қала әкімі жатақхана мәселесі тікелей бақылауында екенін айтып, Алматыға оқуға келген студенттердің жағдайын жасау бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылады. Соның бірі – алматылық студенттерді жатақханаға орналастыру мәселесімен айналысатын арнайы штабтың құрылуы.

Алматы қаласы әкімдігінің студенттерді қолдауға арналған тағы бір маңызды бастамасы – дағдарыс және жедел ден қою жөніндегі ахуалдық орталықтардың ашылуы.

Студенттер. Фото
Студенттер. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әкімдік өкілдерінің мәлімдеуінше, дағдарыс орталығы ALT университетінде орналасқан. Дағдарыс орталығының міндеті – басқа өңірден келген баспанасыз студенттерге жедел қолдау көрсету және уақытша орналастыру. Дағдарыс орталығында 70 орын бар.

"Ахуалдық орталық Алмалы ауданындағы жастардың комьюнити орталығының базасында жұмыс істейді. 1 тамыздан бастап орталық тәулік бойы жұмыс істеп, студенттерге орналастыру мәселесі бойынша жедел көмек көрсетіп жатыр. Орталық күн сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1,5 мыңнан астам қоңырау қабылдайды. Сонымен қатар қаланың әрбір жоғары оқу орнында студенттерге тікелей қолдау көрсететін ахуалдық орталықтар ашылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, Алматыдағы 35 жоғары оқу орнында 199 мыңнан астам студент білім алып жатыр, оның 124 мыңы – өзге өңірден келген студенттер. Қалада 109 студенттік жатақхана бар, онда 36,2 мыңнан астам студент тұрады. Жалпы қажеттілік – 28,7 мың орын. Қала әкімінің қолдауымен қабылданған шаралардың нәтижесінде тамыз айының соңында төсек орын тапшылығы 8,9 мың орынға дейін қысқарған.

Студенттер. Фото
Студенттер. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқу жылы басталғанға дейін Алматыда 1920 орындық 6 жатақхана ашылады, ал жыл соңына дейін Алматы қаласы әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен 3105 орындық 4 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. 2024 жылы жалпы 5025 орындық 10 нысанды, 2025-2026 жылдары 34 295 орындық 33 нысанды пайдалануға беру көзделген.

"Еске салсақ, жатақхана құрылысын тиімді үйлестіру үшін студенттік жатақханалар құрылысы бойынша жобалық кеңсе жұмыс істеп тұр. Жобалық кеңсенің негізгі міндеті – Алматы қаласында жатақханалар құрылысы бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыру және студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау. Жобалық кеңсе ашылғаннан бастап 120 әлеуетті инвестор жүгінді, оның 67-сі қазір жұмысқа кіріскен, бұл қолдау механизмінің тартымдылығын көрсетеді", - дейді әкімдік өкілдері.

Көмек қажет болса, мына байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады:

Жатақхана мәселесі бойынша жедел ден қою жөніндегі Ахуалдық орталық – +77002551443, +770095095287

Cтуденттік жатақхана құрылысы бойынша жобалық кеңсенің басшысы Дамир Кутумов – +77015282837.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151843-almatyda-zhataqhana-tapshylygy-maselesi-qalai-sheshiledi-qala-basshysy-zhauap-berdi/