jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Интернетте вирус таратқан қостанайлық тұрғын ұсталды (видео)

Күдіктіні ұстау сәті
Күдікті. Видеодан кадр: polisia.kz

Желіде зиян келтірген бағдарлама таратқан қостанайлық тұрғынға сот үкімі шықты. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция департаменті өкілдерінің оны ұстаған сәтінен видео тараған еді, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның ақпараттық медиа порталының мәліметінше, Қостанай облысы бойынша ҰҚКД және полиция департамент облыстық прокуратураның үйлестіруімен интернет желісінде зиянды бағдарлама (вирустар) таратумен айналысқан 24 жастағы жергілікті тұрғынның құқыққа қайшы әрекеті тоқтатылған.

Зиянды бағдарлама интернет пайдаланушылардың жеке деректерін (логиндер, парольдер, IP-мекенжайлар) алуға мүмкіндік берді. Оларды интернет-алаяқтар қылмыстық жолмен пайда табу үшін қолдана алады.

"Сотқа дейінгі тергеу материалдары қаскүнемнің заңсыз түрде зиянды бағдарламалар жасауға үйрету бойынша өз қызметтерін сатқанын куәландырады", - делінген хабарламада.

Nº2 сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 210-бабының 1-бөлімімен (Зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеуге, 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке және 15 АЕК (55380 теңге) айыппұл салуға, оның барлық компьютерлік техниканы алып қоюға үкім шығарылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Интернетте вирус таратқан қостанайлық тұрғын ұсталды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.