Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жол салуда тиісті стандарттар ескеріледі". Алматы әкімі инклюзия туралы арнайы кеңес құрғанын айтты

Жарияланған күні:

Қала тұрғыны Досаевпен кездесуінде
Қала тұрғыны Досаевпен кездесуде: Тікелей эфирден

Ерболат Досаевтың Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде инклюзивті жолдар бойынша шағым айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қала тұрғыны жолдардың қолайсыз екенін айтып, келешекте мұндай жобаларда зағип жандардың пікірін ескеруді сұрады

"Ерболат Асқарбекұлы, сізге денсаулық пен мына біз үшін шыдам тілеймін. Мен І топтағы мүгедекпін. Қалада зағип жандарға арналған жолдар жасалып жатыр. Алайда атүсті жасалған. Келесіде мұндай жолдарды салғанда "Оларды қалай қою керек, ыңғайлы ма?" деген мәселелер бойынша зағип жандармен кеңесуді сұраймын. Әйтпесе олар түк те жарамсыз боп қалады", - деді қала тұрғыны.

Ал қала әкімі алда мұндай жолдарды сапалы салуға тырысатынын айтты. Оның сөзінше, арнайы кеңес құрылған.

"Біз инклюзия туралы арнайы кеңес құрдық. Алдыңғы күні екінші отырысы өтті. Сондықтан уайымдамаңыздар. Жаңа әдістер мен жолдың биіктігі деген сияқты стандарттар ескерілетін болады. Егер ұсыныстар болса, біз оларды қарастыра аламыз", - деді Досаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2151981-kozboiaushylyq-almaty-turgyny-akim-dosaevqa-zagip-zhandarga-arnalgan-zhol-sapasy-syn-kotermeitinin-aitty/