Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Медициналық сақтандыру қорының басшысы қанша айлық алатынын айтты

Жарияланған күні:

Әбілқайыр Сқақов
Әбілқайыр Сқақов. Фото: instagram.com/skakov_abylkair

МӘМС жүйесіне жауапты Әбілқайыр Сқақов еңбекақысы қанша екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Әбілқайыр Сқақов 1 миллион 400 мың теңге айлық алады. Ол бұл туралы брифингте журналистер сұрағына жауап беру барысында айтты.

Сондай-ақ бүгін Сқақов мемлекет медициналық ұйымдарға 200 миллиард теңге қарыз екенін айтқан еді.

Былтыр Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов та сұхбатында өз жалақысының мөлшерін жария еткен.

"Бәрінікі сияқты қолға 930 мың теңге аламын. Жетеді. Жұбайым да табыс табады, мен де табыс табамын. Жұбайым әзірге Астанада жеке компанияда жұмыс істейді, бірақ қазір Семейге көшіп жатыр. Қайтеміз енді? Біз жалдамалы пәтерде тұрып келдік, ештеңеміз жоқ еді. Қазір де әкімдік берген қызметтік жалдамалы пәтерде тұрып жатырмыз", - деген еді ол.

Екі жыл бұрын Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев та айлығы 980 мың теңге екенін айтқан. 2022 жылы бұрынғы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сол уақытта жалақысы 1,5 миллион теңге екенін мәлімдеген. Ал бұрынғы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов шамамен 2 миллион теңге айлық алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152053-meditsinalyq-saqtandyru-qorynyng-basshysy-qansha-ailyq-alatynyn-aitty/