jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қорғаныс министрлігі әскерден мүгедек болып оралған сарбазға қатысты мәлімдеме жасады

Әскери қызметкер
Әскери қызметкер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қорғаныс министрлігі әскери қызметші Ербаян Мұхтардың жарақат алу оқиғасына байланысты ресми хабарлама жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мерзімді қызметтің әскери қызметшісі Ербаян Мұхтардың жарақат алғаны туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде таратылған ақпаратқа қатысты мынаны түсіндіреміз. 

Қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан бөлімшесінде мерзімді әскери қызмет атқарды. 

Мерзімді қызметтің сарбаздары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланында, Мемлекеттік күзет қызметінде және Төтенше жағдайлар министрлігінде қызмет өткеретінін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше Қорғаныс министрлігі аталған күштік құрылымдардағы әскери қызметтің қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырмайды. 

"Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау командирлер үшін басты міндет болып табылады. Біз де Ербаян Мұхтардың туыстары мен жақындарымен бірге оның денсаулығына алаңдаймыз және Қорғаныс министрлігінің емдеу мекемелерінде медициналық көмек көрсетуге дайынбыз", - деді ведомсвто өкілдері.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде әйел адам әскери борышын өтеуге кеткен ұлының мүгедек болып оралғанын айтты. Жағдайға Ұлттық ұланының баспасөз қызметі түсініктеме берген болатын.

Қорғаныс министрлігі әскерден мүгедек болып оралған сарбазға қатысты мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.