Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚМА ресейлік, украиналық және екі қазақстандыққа халықаралық іздеу жариялады

Жарияланған күні:

Іздеу жарияланған азаматтар
Іздеу жарияланған азаматтар. Видеодан кадр: ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі Ресей, Украина және Қазақстан азаматтарына халықаралық іздеу жариялады. Бұл туралы ҚМА Telegram-дағы арнасында хабарлады.

ҚМА ақпаратынша, мына азаматтарға халықаралық іздеу жарияланған:

  • Ресей Федерациясының азаматы Черных Сергей Владимирович, 1993 жылы туған;
  • Украина азаматы Юдина Марина, 1999 жылы туған;
  • Қазақстан Республикасының азаматы Нестеренко Павел Игоревич, 1998 жылы туған;
  • Қазақстан Республикасының азаматы Мусалиева Тұрсын Бегдатқызы, 1996 жылы туған.

"Аталған тұлғаларға қатысты Алматы облысы мен Алматы қаласы аумағында 1WIN онлайн-казино түрінде заңсыз құмар ойындар мен букмекерлік қызметті ұйымдастыру және басқару, азаматтарға зорлық-зомбылық көрсету, заңсыз бас бостандығынан айыру күдігімен іздеу жарияланды. Осыған байланысты қылмыстық әрекеттерден түскен қаражат 3,8 миллиард теңгені құрайды", - делінген хабарда.

Агенттік өкілдері іздеудегі тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрады:

+7-701-577-56-83 - Іздеу жұмыстары бойынша;

+7-701-121-47-65 - Іздеу жұмыстары бойынша;

+7-727-279-20-86 - кезекші бөлім.

Бұл ретте ҚМА өкілдері анонимділік пен сыйақы кепілдік берілетінін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152434-qma-reseilik-ukrainalyq-zhane-eki-qazaqstandyqqa-halyqaralyq-izdeu-zhariialady/