Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тал сияқты егіп тастапты": Атырау әкімдігі өкілдері 20-дан аса жаяу жүргіншілер өткелі бар ерекше көше туралы айтты

Жарияланған күні:

Атырау
Атыраудағы көшелердің бірі. Видеодан кадр: Instagram/atyrauoil.news

Желіде Атырау маңында орналасқан Еркінқала-2 елді мекеніндегі әр қадам сайын тұрғызылған жаяу жүргіншілер өткелі бар көшенің видеосы тарады. Қалалық әкімдік өкілдерінің сөзінше, бұл жерде ешқандай заң бұзушылық жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ұзындығы 1 километрден аспайтын Есмахан көшесінде 20-дан астам жаяу жүргіншілер өткелінің белгісі орнатылған. Тұрғындар бұл жерді тіпті "Пешеходный" деп атап кеткен. Бірақ олардың айтуынша, бұл белгілердің саны бар да, сапасы жоқ көрінеді.

"Осындай көп белгі орнатылғанымен, көліктер оған қарап жатқан жоқ, жылдамдықпен ұшып өтеді. Өйткені әлі күнге дейін жолақтар сызылмады. Бұл жердегі үйдің бәрінде оқушылар бар, осы жолмен сабаққа барады. Бұл белгілердің тұрғанына бір жыл болды", - дейді тұрғын Меруерт Орынбасар.

Қалалық әкімдіктің мамандарынының сөзінше, бұл жерде ешқандай заң бұзушылық жоқ. Жоба мемлекеттік сараптамадан өткен, көшені белгілермен жабдықтау жұмысы әлі аяқталмаған.

"Барлық белгі жобалық-сметалық құжатта көрсетілген. Мердігер мекеме құжатта қалай тұр, солай жасайды. Өйткені біз де сол құжат арқылы барлығын қабылдап аламыз. Жұмыс әлі жалғасып жатыр. Соңында жолақтар сызылады", - дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімінің бас маманы Қуанышбек Қабдығали.

О.Есмахан көшесін жөндеу жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжат 2018 жылы жасақталып, жұмыстары күні бүгінге дейін жалғасып келеді.

Ал желі қолданушылары бұл көше туралы түрлі пікір жазып қалдырған.

"Тал сияқты егіп тастапты", " Машинаны таста да, жаяу бас деп тұр ғой", " Не деген белгілер! Адам қауыпсіздігі бірінші орында. Аллаға шүкір, Еркін қалада кішкентай балалар көп. Тіл көзден сақтасын", - дейді желі қолданушылары.

Автор: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152555-tal-siiaqty-egip-tastapty-atyrau-akimdigi-okilderi-20-dan-asa-zhaiau-zhurginshiler-otkeli-bar-erekshe-koshe-turaly-aitty/