Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауа райы болжамы: демалыс күндері елімізде бұршақ жауады

Жарияланған күні:

Қолшатыр ұстаған адам
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда алдағы демалыс күндері жаңбыр жауады, сонымен қатар бірқатар өңірінде бұршақ жаууы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, елімізде демалыс күндері жауын-шашын болады деп күтілуде.

Қазақстанның басым бөлігінде белсенді циклон шығыс бағытта ауысып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ жел күшейеді.

24 тамызда солтүстікте және орталықта, 24-25 тамызда шығыс пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең еліміздің батысы мен солтүстігінде жекелеген аудандарда тұман күтіледі.

Дегенмен ауа температурасында күрт өзгерістер болмайды деп болжануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152575-aua-raiy-bolzhamy-demalys-kunderi-elimizde-burshaq-zhauady/