Ауа райы болжамы: демалыс күндері елімізде бұршақ жауады
Опубликовано:
Қазақстанда алдағы демалыс күндері жаңбыр жауады, сонымен қатар бірқатар өңірінде бұршақ жаууы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, елімізде демалыс күндері жауын-шашын болады деп күтілуде.
Қазақстанның басым бөлігінде белсенді циклон шығыс бағытта ауысып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ жел күшейеді.
24 тамызда солтүстікте және орталықта, 24-25 тамызда шығыс пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең еліміздің батысы мен солтүстігінде жекелеген аудандарда тұман күтіледі.
Дегенмен ауа температурасында күрт өзгерістер болмайды деп болжануда.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2152575-aua-raiy-bolzhamy-demalys-kunderi-elimizde-burshaq-zhauady/