Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда суға батып кеткен баланың туыстары іздестіру жұмыстарына көңілі толмайтынын айтты

Жарияланған күні:

іздеу барысы
Іздеу жұмыстары. Фото: Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Атырауда екі тәулік бұрын суға батып кеткен 14 жасар бала әлі табылмады. Туыстары баланың денесін іздестіру жұмыстарына көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Суға батып кетті деген 14 жастағы баланың әпкесі портал тілшісіне видео жіберіп, құтқарушылардың жұмысына шағымданды.

"Жағада бір ғана қайық тұр. Құтқарушылар жұмыстарын атқарып жатқан жоқ. Барып көріп қайттым. Өз өздерімен жүр, тереңге қарай бармайды", - дейді баланың әпкесі.

Ал Атырау ТЖД баспасөз қызметі өкілдері іздестіру жұмыстары таңертеңгі 8:30-дан бастап жүріп жатқанын айтады.

"Қазіргі уақытта бесінші рет су астына сүңгіп іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінен 11 құтқарушы, 1 техника және 4 жүзу құралы күшімен іздестіру жұмыстары жалғасуда", - деп жауап берді ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Қайғылы оқиғаға байланысты күдіктілер анықталды. Олардан Атырау полиция басқармасы жауап алып жатыр.

Еске сала кетейік, 21 тамызда Атырау қаласына қарасты Ақжар ауылында 14 жастағы бала суға батып кетті. Баланың денесі әлі табылмады.

Автор: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152723-atyrauda-suga-batyp-ketken-balanyng-tuystary-izdestiru-zhumystaryna-kongili-tolmaitynyn-aitty/