jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Атырауда суға батып кеткен 14 жастағы баланы ауыл болып іздестіріп жатыр

    суға батып бара жатқан адамның қолы
    Суға батып бара жатқан адамның қолы. Көрнекі фото: pexels.com

    Атырау қаласына қарасты Ақжар ауылында 14 жастағы бала суға батып кетті. Қайғылы оқиға 21 тамыздан 22-не қараған түні болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ақжар ауылы тұрғынының суға батып кеткені туралы шақырту ТЖД-ға түнгі 01:40-та түскен. 2010 жылы туған бала белгісіз жағдайда жабдықталмаған орында суға түсу кезінде батып кеткені анықталған. Сол уақыттан бері сүңгуірлер су асты іздестіру жұмыстарын жүргізсе, ауыл азаматтары, балықшылар Жайықтың әр бөлігіне тор қойып, іздеп жүр.

    "Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері түннен бері шақырту орнында су асты іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі кезде баланың денесі әлі табылмады. Атырау облысы ТЖД-дан 16 құтқарушы, 4 техника, 4 жүзу құралы жұмылдырылды. Тасқынға байланысты суға шомылу маусымы ашылмады. Сондықтан ата-аналардан балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуін сұраймыз", - дейді Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

    Атырауда жыл басынан бері суға түсуге рұқсат етілмеген жерде 15 адам батып кеткен. Тек жаз басталғалы 13 адам суға кетіп, мерт болған. Оның бесеуі - бала. ТЖД мамандары ата-аналарға ескерту жасап, дабыл қағуда.

    Автор: Әйгерім Сайқын

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.