Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда суға батып кеткен 14 жастағы баланың денесі табылды

Жарияланған күні:

Суға батып кеткен баланың денесін іздеп жүрген құтқарушылар
Атыраулық құтқарушылар. Видеодан кадр: instagram.com/atyrau_tjd

Атыраулық құтқарушылар 22 тамызға қараған түні суға батып кеткен 14 жастағы жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Instagram-дағы парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, құтқарушылар 2024 жылғы 24 тамызда сағат 07:03 шамасында суға батып кеткен 2010 жылғы жасөспірімнің денесін оқиға орнынан 12 км қашықтықта судан алып шыққан.

"Іздестіру жұмыстарына ТЖД 10 жеке құрамы, 5 жүзу құралы, 1 техника жұмылдырылды", - делінген ведомство хабарламасында.

ТЖД өкілдері рұқсат етілмеген жерлерде шомылу қауіпті екенін, оның соңы қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертті.

"Облыстың тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға және суға шомылудан бас тартуға шақырамыз", - дейді құтқарушылар.

Айта кетейік, бұған дейін 21 тамыздан 22-не қараған түні Атырау қаласына қарасты Ақжар ауылында 14 жастағы бала суға батып кеткенін жазған едік. 2010 жылы туған бала белгісіз жағдайда жабдықталмаған орында суға түсу кезінде батып кеткені айтылды.

Қайғылы оқиғаға байланысты күдіктілер анықталған. Олардан Атырау полиция басқармасы өкілдері жауап алып жатқаны хабарланды.

Күні кеше тілшімізге туыстары баланың денесін іздестіру жұмыстарына көңілі толмайтынын айтып, шағымданған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2152858-atyrauda-suga-batyp-ketken-14-zhastagy-balanyng-denesi-tabyldy/